Өтпелі кезеңдегі қазақстандық кімдік – ортақтық пен ынтымақтастық іздеу
1 күн
Book Kultura Lab бірінші күні өткенге көз тастап, қазақ және қазақстандық кімдіктердің не екенін тереңірек түсіну үшін өткенімізді зерделеуге тырыстық. Эксперттеріміз – әлеуметтік антрополог Зарина Мұқанова, тәуелсіз зерттеуші әрі саясаттанушы Ғалым Жүсіпбек пен мәдениеттанушы, қазақ мифологиясын зерттеуші Зира Наурызбайдың арқасында тарихи оқиғалар призмасынан кімдік қалыптастыруға көз тастап, дәстүрлі тұрмыс, туыстық жүйесі мен түрлі тарихи оқиғалардың қазіргі болмысымыздың қалыптасуына ықпалын зерделеп көрдік.

«Дәстүр», «ұлт», «мәдениет» сияқты концепциялардың уақыт өте келе мағынасы тарылып, «прогрестен бас тарту», дәстүрден айыру процестерінің басталуы – соның нәтижесі. Барлығының салдарын біз қазіргі Қазақстанда да көріп отырмыз.
“Qazaqilik” сөзіне анықтама беруге тырысып көрдік. Бұл еркін, әділетсіздікке төзбейтін, бөлініп кетіп, өзі сияқты адамдармен жаңа қауымдастық құра алатын адамды сипаттайтын ұғым. Бұлай еркін жүріп-тұру мүмкіндігі көшпенділіктің арқасы. Жалпы мұндай дүниетаным материалды құндылықтарға жеңіл қарауға мүмкіндік берді.

Book Kultura Lab екінші күнін саясаттанушы Досым Сатпаевпен бірге кешегі және бүгінгі Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатындағы негізгі тенденциялар, қазақстандық кімдікті қалыптастыруға ықпал еткен және әлі де ықпал етіп жатқан тарихи оқиғаларға шолудан бастадық.

- ХХ ғасыр басындағы Ресей империясының отарлау езгісі мен көшпелі өркениеттің жойылуы.
- Бірінші дүниежүзілік соғыс.
- Кеңес Одағының құрылуы мен кімдіктің жаңа моделі – «кеңес халқы», «кеңес адамы» қалыптасуы. Ол кезде қазақтар бір мезетте Қазақстандағы титулды ұлт пен азшылық ұлтқа айналып, парадокс жағдай орнаған.
- 20 және 30 жылдардағы ашаршылықтардың демографиялық зардабын әлі де тартып келе жатырмыз (1989 жылы қазақтар Қазақстан халқының 38% болған, қазір - 70%)
Қазір, Кеңес Одағы құлағаннан кейін кімдік кризисіне ұрынып отырмыз. Қазақстан қоғамы іштей де, сырттай да әлсіз. Бүгінде елдегі кімдік иерархиясы әр түрлі. Этник, діни немесе ру кімдігі негізгі санала беруі мүмкін. Басқа да, соның ішінде радикал, сепаратистік формалары да пайда болып, қоғамда қайшылықтар тудыруы, жалпы ұлт қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін.
Азаматтық кімдік дамуының негізі – орта топ. Ол олигархтар мен қоғамның әлсіз топтарына қарағанда биліктен тәуелсіз. Билік елді тиімді басқарса, орта топ оны қолдайтынын білдіріп, олар өзара берік келісім жасаса, ол тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауға жаңа негіз бола алады.
Өз кімдігін анықтауда жауап берілуі керек негізгі сұрақ – Сіз кім немесе не үшін өлуге даярсыз? Өйткені біреу немесе бір нәрсе үшін өлу – адалдық пен қатысы болудың ең жоғарғы деңгейі.
Содан соң, саясаттанушы және зерттеуші Камила Смағұловамен бірге қазіргі Қазақстандағы «ұлт кімдігі» және «ұлтшылдық» ұғымдарын қалыптастырып, елде төменгі сатылардағы қозғалыстар қалай дамып жатқанын, олардың кімдікті қайта түсінуге қалай әсер етіп жатқанын түсінуге тырысып көрдік.

Ал азаматтық кімдік болса - бірге бастан кешкен қиындықтар нәтижесі. Жарқын мысалы – Қаңтар оқиғасы. Алайда, жалпы азаматтық белсенділіктің төмен болуына байланысты азаматтық/саяси кімдік туралы айту қиын.
Экономист Қуаныш Жайықовпен бірге экономика теориясына саяхаттап, экономиканың әлеуметтік-мәдени процестерге ықпалын бағалап көрдік. Картадағы орнымыз – тағдырымыз. Географиялық және климат жағдайлары отырықшы өмір сүруге мүмкіндік бермей, сол себепті көшпенділік басым болды.
● адам санының аз болып, концентрация қиын болуы;
● бірігу мүмкіндігінің шектеулі болуы мен пікір алуандығы дамымай қалғаны;
● өнімділік өсімінің негізгі компоненті – еңбекке маманданудың болмауы;
● ұжымға қажет игіліктерді өндіретін кәсіби мемлекеттік аппаратқа сұраныстың болмауы – cоның нәтижесі.
Сол себепті қазақтар солтүстік пен шығыстағы жақсырақ индустрияланған, жақсы ұйымдасқан мемлекеттерге қарағанда әлсіз болып шықты.
Қазақстанның қазіргі экономикасы қандай? Біріншіден, ол дамуы үшін құқық үстемдігі мен бәсеке сияқты негізгі институттар болуы керек. Дамыған елдермен салыстырсақ, Қазақстанның кемшіліктері көп. Бұл жағдайда салық жүктемесі, еңбекті реттеу сияқты басқа көрсеткіштер маңызды болмай қалады.
Екіншіден, ел экономикалық жағынан бес бөлікке бөлінген (Наталья Зубаревичтің «Төрт Ресей» идеясына сәйкес):
1. Алматы, Астана – постиндустриал әлем, бизнес қызметтер
2. Шығыс – индустриал қоғам, өңдеуші өнеркәсіп
3. Батыс – индустриал, бірақ шикізат экономикасы
4 пен 5. Солтүстік пен Оңтүстік – өзіндік ерекшелігі бар аграрлы экономикалар
Басқа этнолингвистикалық бейнемен бірге бұл әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер, құндылықтар, өмір салты, қажеттіктер және жеке кімдігін анықтаудың әр түрлі болуына ықпал етеді. Сол себепті «орташа Қазақстан» да, орталықтанған сәтті мемлекеттік саясат та жоқ.
Үшіншіден, шикізатқа тәуелді экономикамен иерархиялы орта мен саяси еркіндіктің болмауы қатар жүреді. Нидерланд пен Норвегия бұл қатарға жатпайды, өйткені ол жақта кен орындары ашылғанға дейін эффектив құқық жүйесі қалыптасып, қоғам иммунитетін қалыптастырып қойған. Қазақстан табысында мұнай өте үлкен роль ойнайды, сөйтіп ол табысты қадағалайтын алып вертикаль жүйе болуына себепкер болады.
Қазақстанда не істеу керек?
- басқа елдердің тәжірибесін, әсіресе негатив тәжірибесін зерттеуге қызығуды арттыру;
- мемлекеттік социализмнен тыс даму альтернативасын көрсету;
- ағарту мен мәдениеттің ролін арттырып, соған ерекше мән беру, жобаларды көбірек істеу керек.
Үшінші күні кімдікке документалистика мен антропология призмасынан қарадық. Алдымен Катерина Суворова қатысушыларды деректі кино әлеміне ендірді. Ол шынайы өмірдің әр сәтін байқап, ақпараттан гөрі сезімдерді көбірек көрсетуге тырысады.
Деректі кино — шынайы өмірді бақылау арқылы зерттеу жүргізу. Соның арқасында біз өткеннің негізгі сәттерін тауып, болашағымызды айқындаймыз.
Әрине, документалистика кімдікті зерттеуге баға жетпес үлес қосады. Оған Тайвань документалистер қауымдастығы жақсы мысал бола алады. Ол жақта мемлекет деректі киноның көмегімен әлемге Тайвань қоғамының ерекшеліктерін көрсетіп, Тайвань – Қытай емес деген негізгі ойын жеткізу үшін деректі киноның дамуын барынша қолдайды.

Алдымен колониал элементтердің өмірімізде бар екенін, оның “soft power” арқылы берілетінін, өмірді қабылдауымызда көрінетінін мойындауымыз керек. «Зулейха көздерін ашады» романын сынай отырып қатысушылар қазіргі «ұлттық» әдебиет ескі «жаңа кеңес адамы» образын қалыптастыра беретінін, ассимиляция мен отарлаудың зорлығын елемейтінін білді. Деколониал әрекеттер отаршылдықты жеңіп, негізгі білім оптикасы арқылы өз кімдігін көруге көмектеседі. Бірақ деколониал таңдау тек оптика ғана емес, өзің мен өз әлеміңді «қайта ойлап табатын» құралдар береді. Жасы үлкен туыстардың естеліктерін тыңдай отырып біз отбасымыз бен өзіміздің кімдік бейнемізді қайта жаңғырта аламыз.
Өзімізді «ре-экзистенция» – сезімдер, иістер, дәмдер, дыбыстар арқылы еске түсіру. Отарсыздануды зерттеушілер езілу мен қайғыру сезімдеріне «қамалып қалмай», «өзіңіз бен басқалардың мәдениеті әлеміне сүйіспеншілікпен саяхаттауды» ұсынады. Махаббат тұлғааралық және мәдениетаралық коммуникацияның қозғаушы күші болып келеді. Ал кімдікті бейімделе отырып және саналы түрде өзгерту - «трикстеризм» - ең эффектив стратегия. Позицияңызды түсініп, оны сезімдеріңізге сүйене отырып жеткізе бастау өте маңызды. Сторителлинг, спектакльдер, документалистика – жеткізу каналдары бола алады..
Осы үш күн ішінде осындай қиын, бірақ өте маңызды жолда бізге жетекші болған эксперттерімізге үлкен алғыс білдіреміз!
Авторы - Мейрам Байгужеков
Редакторы - Индира Шах
Аудармашы - Ғалымжан Оразымбет